Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Порнографиялық материалдарды жариялаған сайттар бұғатталды

Шымкентте тыйым салынған материалдарды жариялаған сайттар бұғатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 27-28 қазан аралығында Шымкент қаласының аумағында  жоғары ақпараттық технологиялар саласындағы құқық бұзышылықтарды анықтау, жолын кесуге және заңға қайшы іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыруға бағытталған «Hi-tech» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізілді.

Іс-шара барысында Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері порнографиялық сипаттағы материалдарды жариялаған 50 сайтын анықтап, жедел түрде бұғаттау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ақпарат жүйелерін пайдалана отырып, интернет желісінің пайдаланушыларына қатысты алаяқтық іс-әрекетінің жеті жайты анықталып, ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану бойынша бір жайт анықталып, ҚР ҚК-нің 399-бабы 1-бөлігі сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты Шымкент ҚПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ақпараттық технологиялар саласындағы алаяқтардың құрбаны болмас үшін  кеңес береді:

– ешқандай жағдайда ешкімге дербес деректерді, пластикалық карталардың деректемелерін хабарламаңыз;

– аударымдар туралы түбіртектерді, кодтарды және кодтық сөздерді бермеуге;

– күмәнді ақпарат көздеріне сенбеу;

– тексерусіз тауар үшін алдын ала төлем жүргізбеуге;

– күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмауға, ашық табыс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болуға;

– банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпия сөздерін үнемі ауыстырып отыру және төлем жүйелерінде бар қауіпсіздік шараларын пайдалану;

– өз шоттарыңыздағы ақша қозғалысын тексеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру