Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖМ суға батқан азаматтарды құтқарған полицейлерді марапаттады

Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінде суға батқан адамдарды құтқарған полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 наурызда Жетісу облысы Ескелді ауданында орналасқан техникалық су қоймасында суға батқан адамдардың өмірін құтқару кезінде батылдық пен жанқиярлық танытқан полицейлер Төтенше жағдайлар министрлігінің тарапынан марапатқа ие болды.

Қызметтік міндеттерін адал атқарып, төтенше жағдай кезінде кәсіби шеберлік пен ерлік көрсеткендері үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің "Суға батқан адамдарды құтқарғаны үшін" медалі Жетісу облысы полиция департаменті Ескелді ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Өмірбек Сенбай мен патрульдік полиция қызметінің аға инспекторы Мұхтар Нұрмұханбетовке табысталды.

Оқиға кезінде тәртіп сақшылары өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан, суға батып бара жатқан азаматтарды аман алып қалған. Олар кәсіби әрекет ету арқылы төтенше жағдайдың қайғылы аяқталуына жол бермеді.

Аталған марапат – полиция қызметкерлерінің қоғам алдындағы борышын абыроймен атқарып жүргенінің жарқын дәлелі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру