ҰАТ өкілдері Талдықорғандағы тергеу изоляторына барды
Талдықорған қаласындағы ЛА-155/16 тергеу изоляторына ҰАТ өкілдері келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда Алматы облысы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің басшысы А.Ким және В. Тен өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/16 тергеу изоляторына барып қайтты.
Іс-сапар алдын алу шарасы аясында жүзеге асырылды, оның барысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығына сәйкес арнайы кездесулер жүргізілді.
ҰАТ өкілдері төтенше жағдай режимі кезінде мекемеге түскен, жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан тергеу-қамауға алынғандардың камераларын аралап шығып, тергеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде адам құқықтарының бұзылуын анықтау мақсатында жоғарыда аталған адамдарды қабылдады.
Аралау қорытындысы бойынша шағымданған тұлғалар болған жоқ, сондай-ақ мекеменің атына ұсынымдар түспеген.