Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” іс-шарасы: Шымкентте полицейлер 13 мыңнан астам үйді тексерді

“Учаске” іс-шарасы барысында шымкенттік полицейлер тұрғын үйлерді аралауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс шара барысында Әл-Фараби ауданы №19 УПП учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Исламов тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтардағы көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке сектор үйлерін аралап, онда тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет жинайтын болады.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында 659 көпқабатты үй мен 13 мыңнан астам жеке үй орналасқан әкімшілік учаскеде жұмыстар жүргізілді. Іс-шара басталғалы 200-ге жуық полицей 13 505 үйді тексерді, олардың 5 220 жалға берілген. Тәртіп сақшылары құжаттарды тексерген соң, үй иелеріне олардың құқықтары мен міндеттері туралы айтып, учаскелік полиция пункттерінің байланыс мәліметтері жазылған парақшаларды тапсырады.

Іс-шараның басынан бері 343 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың көпшілігі – қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу мен масаң күйде жүру жайттары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру