Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске” ЖААШ: ШҚО полицейлері заңсыз сақталған қаруды тәркіледі

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері заңсыз сақталған қаруды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО Полиция департаментінің қызметкерлері “Учаске” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алып тастау бойынша тиісті іс-шаралар жүргізуде.

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Зайсан ауданының жедел уәкілдеріне жергілікті тұрғындардың бірі тіркелмеген қаруды үйінде заңсыз сақтағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Полиция қызметкерлері келіп түскен ақпаратты дереу тексеруге кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізгу нәтижесінде тәртіп сақшылары ауданның 30 жастағы тұрғынын анықтап, оның гаражында жасырын сөреде екі бірлік қару табылды, олар сараптамаға сәйкес: “ТОЗ-8м” моделінің бір рет оқталатын 5,6 мм калибрлі мылтығы, ал екіншісі – 16 калибрлі “ТОЗ-63″ моделінің тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы. Екі мылтық та атыс жасауға жарамды.

ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаруды сатып алудың мән-жайы анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.

Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру