Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін жасап беремін”: шымкенттік алаяқ тұрғынды 140 мың теңгесіз қалдырды

Шымкенттік алаяқ тұрғынды 140 мың теңгесіз қалдырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жеке тұлғаның көлік жүргізуші куәлігін жасап беремін деп, 140 000 теңге ақшасын алаяқтық жолмен алып, алдап кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру