Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері жолда қалған автобус жолаушыларына көмектесті

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жолда қалған автобус жолаушыларына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазан Үржар аудандық полиция бөлімінің “102″ жедел арнасына Алматы-Өскемен тасжолында автобустың қозғалтқышы істен шыққаны туралы хабарлама келіп түсті, онда жүргізуші мен оның көмекшісінен басқа 27 жолаушы болған.

Далада күн суық, ауа температурасы 6 градусты құрап, жаңбыр жауып тұрған, жылу жүйесі өшіп қалғандықтан, автобус салоны лезде суып кеткен.

Оларға көмекке ШҚО ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Нұржан Мырзабаев пен Ерік Тұрсынов және Үржар ПБ учаскелік полиция инспекторы Қайсар Кабиров келді.

Қабылданған шаралармен автобус жолаушылары Қаракөл ауылының маңында жол жөндейтін “Астана Авто Строй” ЖШС жатақханасына жеткізіліп, орналастырылды.

Полиция қызметкерлері сынған автобусты ТЖО-ға сүйреп апарып, жөндеуге қажет заттарды жеткізіп берді.

Автобус жүргізушісі мен оның көмекшісі көрсеткен қамқорлығы мен көмегі үшін полицейлерге алғыс білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру