Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есірткісіз” ұранымен Алматы полициясы ZOOM платформасында дәріс оқыды

“Есірткісіз” ұранымен Алматы полициясы ZOOM платформасында дәріс оқыды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараны Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, психология бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі жүргізді.

Алмалы ауданының 6 мектебі мен жоғары оқу орындарының студенттері нашақорлықтың алдын алу, есірткі тұтыну мен таратудың құқықтық аспектілері бойынша дәрістерді көрді.

Процестің қатысушылары, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ата-аналары сабаққа белсенді қатысты, қызығушылық тудыратын сұрақтар қойылды, оларға жауап алынды.

Екі дәріс өткізілді, оған 200-ге жуық адам қатысты. Мақсат ортақ болды – есірткісіз болашақты құру! Дені сау ұрпақ – еліміздің болашағы.

Есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күреске азаматтарды тарту бойынша алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Бұл есірткі сатудың алдын алуға бағытталған қадам. Сонымен қатар, нашақорлық мәселесіне қоғамның қайырымды көзқарасын қалыптастыру. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық – әлемдік масштабта ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның дамуындағы проблема болып табылады. Бұл біздің заманымыздағы ең қорқынышты құбылыстардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру