Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік инспектор дүкендегі ұрлықтың жолын кесті

Талдықорғанның учаскелік инспекторы дүкендегі ұрлықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Талдықорған қаласының қырағы учаскелік полиция қызметкері қызметтен тыс уақытында ұрыны қылмыс орнынан ұстаған.
29 наурыз Талдықорған қаласының ПБ Батыс ҚПБ учаскелік инспекторы Ақжол Айтмұхамедов қылмыстың куәгері болған.

«Сағат 6.30 шамасында пәтерде жаттығу жасау кезінде, менің үйіме қарама-қарсы орналасқан дүкенге белгісіз адамдардың терезеден кіріп бара жатқанын көрдім. Бірден «102» пультіне қоңырау шалып, қылмыс туралы хабарлағаннан кейін жүгіріп шығып, дүкеннің терезесінен шығып бара жатқан қаскүнемді ұстадым»,- дейді полицей Ақжол Айтмұхамедов.

Күдікті Шығыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны. Тінту кезінде ер адамнан дүкеннен ұрланған жүз мың теңгеге жуық ақша табылып, тәркіленді. Аталған сомма заңды иесіне қайтарылды.

«Ұсталған адам жалғыз әрекет етпеген, оның сыбайласы да жақын маңдағы патрульдік полиция инспекторлары Елдар Байғазинов пен Ернат Есімовпен ұсталды. Оның сыбайласының көрші аулаларға жасырынып үлгергені және белгілі тұрғылықты жері жоқ 35 жастағы әйел адам екені анықталды», -деп толықтырды капитан Айтмұхамедов.


Күдіктілер ұрлық жасағанын толығымен мойындады, қазіргі уақытта олар уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ер адам 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысында 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына тартылған және пробациялық бақылаудан жасырынғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру