Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Учаскелік полиция инспекторлары қылмысқа қарсы күрестің алғы шебінде

Биыл Атырау облысының учаскелік инспекторлары 1000-ға жуық қылмысты ашты, оның 289-ы ауыр қылмыстар санатына жатады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Егер сіз өзіңіз тұратын аумаққа қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторын білмесеңіз, бұл учаскелік полиция инспекторы сіз туралы білмейді деген сөз емес.

Ол өзінің қызметіне сай, өзі қызмет көрсететін аумақта кімдер тұратынын, не болып жатқанын білуге міндетті.

Инспектордың қызметтік міндеттеріне өзі қызмет көрсететін аумақта тұратын тұрғындар арасындағы бұрын сотталғандар мен отбасылық жанжал шығарушыларды, маскүнемдер мен нашақорларды бақылау,  жайсыз отбасыларды қадағалау, азаматтық атыс қаруының дұрыс сақталуын тексеру кіреді.

Сондай-ақ ол қызмет көрсететін аумағында тұратын тұрғындармен сенімді қарым-қатынас орнату үшін тұрғындардың басым көпшілігімен етене таныс болуы керек.

Әрине учаскелік инспекторлар қылмыстарды ашуға да қатысады.

– Биыл өңірдің учаскелік инспекторлары 1000-ға жуық қылмысты ашты, оның 289-ы ауыр қылмыстар санатына жатады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі таңда Атырау облысының 92 учаскелік полиция пунктінде 303 учаскелік инспектор мен олардың көмекшісі жұмыс істейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру