«Үйге жетіп қалуға бел будым»: Көкшетау тұрғыны жасөспірімнің велосипедін ұрлап кеткен
Көкшетау тұрғыны жасөспірімнің велосипедін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 тамызда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына қала тұрғынының белгісіз тұлғалар құны 70 000 теңге тұратын BATL велосипедін ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Егжей-тегжейлі сауалнамада бала екі доңғалақты көлікті дүкендердің бірінің тұрағында қалдырғаны белгілі болды.
Аталған фактіге сәйкес полицейлер ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады және бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Қылмыс жасалған ауданда орнатылған бейнекамераларда ұрлаған адам тіркелмегендіктен, жедел уәкілдер ауланы және пәтерлерді аралап, осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын сотталған адамдарды тексерді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, 6 тамызда полицейлер Көкшетау қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Ұсталған азаматтың полицейлерге айтуынша, кешкі уақытта ол дүкендердің бірінен өтіп бара жатып, дүкеннің жанында үш жасөспірімнің тоқтап, велосипедтерін құлыптамай, тұраққа тастап кеткенін көрген. Мас күйінде және үйге тезірек жетуге бел буған ол шетінде тұрған велосипедті алып, жүріп кеткен.
Қазіргі уақытта бұл істі тергеу жалғасуда. Қала тұрғынынан ұрланған велосипед тәркіленіп, иесіне қайтарылды.