Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үйін жөндеп беруге уәде беріп, алдап кетті

Шымкентте ер адам үй иесінен ақша алып, жөндеу жұмыстарын жүргізбей, алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйекте Абай ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Азаматша өз арызында ғаламтор желісіндегі жарнама қосымшасы арқылы Б. есімді азаматпен үйінің жөндеу жұмыстарын жүргізуге келісіп, 350 мың теңге ақшасын алдын ала берген.

Алайда азамат осы күнге дейін жөндеу жұмыстарын жүргізбей не ақшасын қайтармай жүргенін айтып көрсеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, тергеу амалдары басталды.

Іс бойынша күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, Абай ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру