Үйінде қарасора өсірген ШҚО тұрғыны анықталды
Үйінде қарасора өсірген ШҚО тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маусым айының ортасында «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шемонаиха қаласының 48 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз өсіретіні туралы ақпарат алынды. Түскен сигналды тексеру барысында аталған ер адам ұсталды.
Тінту жүргізу кезінде тұрғылықты жері бойынша мыналар: металл қақпағы бар пластикалық бөтелке, ерекше иісі бар өсімдік тектес кептірілген зат салынған екі полимерлі пакет, қарасора тұқымы бар екі қорап, қарасора бұтасы, желдеткіш сымдары бар шамдар және қорап алынды.
Сараптама көрсеткендей, тәркіленген заттар кептірілген марихуана есірткі құралы болып шықты, жалпы салмағы 320 грамм, қарасора тұқымдас өсімдік және жалпы салмағы 51 грамм каннабис есірткісіне жатады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.