Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігінен бір келіден астам есірткі тапты

Түркістан облысының полицейлері тұрғынның көлігінен бір келіден астам есірткі тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері “Қарасора” жедел-профилактикалық шарасы барысында тұрғындардың бірінен бір келіден астам есірткі тапты.

Нақтырақ айтсақ, Сайрам аудандық полиция бөліміне тұрғындардың бірі хабарласып, көшеде жүріс-тұрысы күмәнді ер адамның жүргенін айтады. Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Полицейлер аталмыш азаматтың көлігінің ішінде отырғанын анықтап, одан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Оның өзін және көлігін тінту кезінде көліктің артқы орындығынан полиэтиленді пакетке оралған есірткі затына ұқсас зат тапты. Оны полицейлер айғақты зат ретінде тәркілеп алып, сараптама тағайындады. Нәтижесінде, ол салмағы бір келіден астам марихуана есірткі заты болып шықты. Қазіргі таңда сезікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекусорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеуге алды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру