Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының көлігінен ақша ұрлаған жетісайлық ұсталды

Танысының көлігінен ақша ұрлаған жетісайлық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның Audi 100 автокөлігінің ішінен 225 мың теңге ақшасын ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына келіп жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Сұрастыру жұмыстарының барысында осы қылмысқа қатысы бар күдікті жәбірленушінің танысы Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты.

Анықталғандай жәбірленуші мен күдікті ер адам қарбыз сатып алу үшін ауылдарды бірге аралаған. Осы сәтте сезікті арам ойын іске асырып, ақшаны ұрлаған. Полицейлер ер адамнан айғақты зат ретінде ақшаның бір бөлігін тәркіледі, қалғанын күдікті бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру