Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ер адам көршісінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті 

Түркістан облысында 1,5 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, белгісіз біреу үйіне заңсыз кіріп, шкаф ішінде тұрған 11 дана алтын бұйымын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 1,5 млн теңгеге жуық. екені анықталды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Ақпарат келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Анықталғандай, күдікті қаражат қажеттілігіне байланысты осындай қадамға барған. Ер адам түнгі уақытта үйде ешкімнің болмағанын байқап, арам ойын іске асырған. Сезікті терезеден үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырып, жартысын белгісіз біреуге сатып, қалғанын ломбардқа өткізіп, ақшасын жаратып жіберген. Полицейлер ломбардқа өткізген алтынды айғақты зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру