Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық жауынгерлер өрт сөндіруге көмектесті

Елордада ұландық жауынгерлер өртенген үйден үш газ балонды алып шықты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкісін 6 наурызда құрамында әскери жасақ бастығы Арман Бақдәулетов, патрульшілер Ерген Өмірзақ пен Нұрбек Ораз Ұлттық ұлан жасағы әйел адамның көмек сұраған дауысын естиді. Сол сәтте жедел оқиға орнына аттанған ұландықтар Балқантау көшесінде өртенген үйді көрді.

Уақытты жоғалтпаған әскери жасақ өрт орнын қоршауға алып, 101 нөміріне хабарласып, өртті сөндіруге кіріседі. Арада бес минут өтпей оқиға орнына әскери жасақ бойынша кезекші Жеңіс Құрамысов келіп, қаруластарына өртенген үйден үш газ баллонды алып шығуға көмектесті.

Жарты сағаттан кейін келген өрт сөндіруші экипаж әскерилермен бірге тілсіз жауды ауыздықтадыЖедел әрі батыл қызметі үшін үй иесі әскери жасаққа алғысын білдірді.

Алдағы уақытта әскери қызметшілер Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімі командирінің құқығымен марапатталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру