Ұландықтар Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберуге атсалысты
Ұлттық ұланнның жеке құрамы Ақтөбе облысына гуманитарлық көмек жіберуге атсалысты – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның Қызыл Ай қоғамының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберілді.
Игі іске LCWaikiki, Colgate Palmolive компаниялары, төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ ұйымы атсалысты.
Гуманитарлық көмек ретінде матрас, аяқ киім, резеңке етік, күрек, құм салатын қапшықтар, жаңа киім және жеке гигиена құралдары жіберілді.
Гуманитарлық жүкті тиеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы жүзеге асырды.
Бірлігі жарасқан елдің жанашырлығы сыналатын шақта кәсіпкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйым өкілдері белсенділік танытып, халықтың күші бірлікте екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.