Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қоғамдық орында тұрғындардың мазасын алған әйелге айыппұл салынды

Павлодарда қоғамдық орында өтіп бара жатқан жүргіншілерден темекі сұрап, мазалаған әйелге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда Лермонтов көшесіндегі аулалардың бірінде 40 жастағы павлодарлық әйел өтіп бара жатқан адамдардың жолын кесіп, олардан темекісін тұтатып беруді өтінген. Әйелдің бұл қылығынан мезі болған қала тұрғыны полиция шақырған.

– Облыс орталығының тұрғыны мас күйде өтіп бара жатқан адамдардың соңынан қалмаған. Оның айтуынша, ол темекі іздеген. Әйелді қоғамдық жерде адамдардың мазасын алғаны үшін жауапқа тартты. Бірінші рет ескерту жасалды ,- деп ақпарат берді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтындарға қоғамдық орындарда заттарды сатып алу, сату, айырбастау немесе өзге тәсілмен сатып алу мақсатында, сондай-ақ сәуегейлік, қайыр сұрау, сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсету не өзге де қызметтерді таңғаны үшін жеке тұлғаларға ескерту не 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын білу маңызды.

Егер құқық бұзушылық әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады. Егер іс-әрекеттерді шетелдік не азаматтығы жоқ адам жасаса 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік шығарып жіберуге алып келеді.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыс бойынша қоғамдық орындарда қудалау үшін 1037 факт тіркелді, құқық бұзушылар түрлі жазалау шараларына тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру