Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан академиясының офицерлері иттерді терең құдықтан құтқарды

Ұлттық ұлан академиясының офицерлері иттерді терең құдықтан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан академиясының офицері Еркебұлан Ерсайынов қызметтен үйіне қайтып келе жатып, екі қаңғыбас иттің құдыққа құлағанын көрді.

Оқиға Петропавл қаласының Ж.Қизатов көшесіндегі үйлердің бірінің маңайында орын алды.

Құдықтың тереңдігі әскери қызметкерге иттерді жалғыз шығаруға мүмкіндік бермеді. Офицер абдырап қалмай, үйіне жүгіріп барып, арқанды алып, әкесімен бірге оқиға орнына оралды. Кейін Академияның тағы бір офицері Досым Қабылбеков көмекке келді.

Еркебұланның әкесі – Карман Ерсайынұлы құдыққа түсіп, иттерді арқанмен байлады. Содан кейін екі әскери қызметші иттерді шығарды. Оқиға орнынан видеоны Еркебұланның туған әпкесі – Диана Instagram әлеуметтік желісінде жариялады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру