Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан офицері қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан кубогын жеңіп алды

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

25-28 тамыз аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында ересектер арасында қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Жарысқа дене шынықтырудың, жекпе-жек техникасының және төзімділіктің жоғары деңгейін көрсеткен мықты спортшылар қатысты.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы "Burkit Team" спорт командасының өкілі, 6654 әскери бөлімінің офицері Қымбат Ахмет сәтті өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол бірден екі пән бойынша бірінші орынға ие болды.

Доданың жекпе-жек бөлімінде 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қымбат Ахмет Қазақстан Республикасы Кубогының жеңімпазы атанды.

Сонымен қатар спортшы 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзін-өзі қорғау бөлімінде де жеңіске жетті.

Әскери қызметшінің жоғары нәтижесі құқықтық тәртіп әскері жауынгерлерінің кәсіби даярлығын айқын растады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру