Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан сарбаздары су басқан аймақтарда қоғамдық тәртіпті күзетіп жүр

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері су басқан аудандарға 900 тоннадан астам топырақ және 300 мың қапшық дайындап, төседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ТЖ режимі Қазақстанның батысы мен солтүстігіндегі бірнеше өңірдегі жергілікті аймақтарда әзірше сақталуда. Сонымен қатар Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір қауіпті аймақтардан адамдарды уақытылы эвакуациялау және су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету басты міндет болып қала береді.

Табиғи апатқа қарсы күресте көптеген қазақстандықтар бірігуде. Осы тұста, Ұлттық ұлан да назардан тыс қалмады, атап айтқанда, тәулік бойы режимде жүздеген әскери қызметшілер, ал жалпы 3 мыңнан астам офицер мен сержант, курсанттар мен құқықтық тәртіп әскерлерінің сарбаздары тартылды.

Ұландықтар азаматтарды табиғи апат аймақтары туралы құлақтандыруға және эвакуациялауға белсенді қатысуда, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізіп, тонауға жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлерімен бірлесіп, су басып қалған көшелерді патрульдей отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде және жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, суды бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырып жатыр.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін ҚР Ұлттық ұланы академиясының 400 курсанты және Орталықөңірлік қолбасшылығының Петропавл қаласындағы 6637 әскери бөлімінің 200-ге жуық сарбазы тартылды. Олар су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге және тұрғын үй секторының еріген сулармен су басуының алдын алуға көмек көрсету үшінКожевный, Ольшанка, Тепличный және Бескөл кенттерінде инертті материал салынған қаптарды дайындау және төсеу үшін тартылды. Курсанттар мен сарбаздар жағалауды нығайту жұмыстарына белсене қатысып, инертті материалдармен қап жинауға көмектесіп жатыр.

Бұдан басқа, 5546 (Атырау қ.) әскери бөлімінің қызметшілері 10 автотехника бірлігінде 120 адамнан астам су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге белсене қатысып, сондай-ақ полиция қызметкерлерімен бірлесіп Құлсары қаласының көшелерінде тонауды болдырмау үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жатыр.

Орал мен Ақтөбеде су тасқынына қарсы іс-шаралар мен қоғамдық тәртіпті қорғау үшін жеке құрамды тарту жалғасуда, дәлірек айтқанда 5517 және 6655 әскери бөлімдері 800-ден астам әскери қызметшіні жіберді.

Жалпы, екі мыңнан астам құқықтық тәртіп жауынгерлері жағалауды нығайту жұмыстарына белсене қатысып, су бұруды және каналдарды тазартуды жүзеге асырады, азаматтарды табиғи апатты аймақтардан эвакуациялап жатыр. Тонауды болдырмау мақсатында су тасқыны болып жатқан елді мекендерді полиция қызметкерлерімен патрульдей отырып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, бүгін кешке Орал және Атырау қалаларына темір жол көлігімен тағы мыңға жуық ұландықтар келеді деп күтілуде. Дәлірек айтсақ, 6506 (Шымкент қ.), 5547 (Қызылорда қ.) және 5451 (Қарағанды қ.) әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері келгеннен кейін осы өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек көрсетуге кіріседі.

Сонымен қатар Петропавл қаласына келгеннен кейін 200 әскери қызметшіден тұратын Ұлттық ұланның жедел бригадасының жеке құрамы су басқан елді мекендердің көшелерінде тонауға жол бермеу үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 ауысымда қоғамдық тәртіпті қорғауға кірісті.

Су тасқыны басталғаннан бері Ұлттық ұланның 120 әуе және автомобиль техникасы тартылғанын атап өткен жөн. 1248 адам эвакуацияланды, инертті материалдары бар 294765 қапшық дайындалып, төселді.  Жағалауды нығайту жұмыстары үшін 900 тоннадан астам топырақ шығарылды және 91,5 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру