Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлттық ұлан жауынгері әлем чемпионатында алтынға ие болды

Ұлттық ұлан жауынгері әлем чемпионатында алтынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Эдуард Ким 2-18 ақпан аралығында Катарда халықаралық жүзу федерациясының қолдауымен өтіп жатқан су спорт түрлерінен 21-ші әлем чемпионатында Наргиз Болатовамен жұптасып, мәнерлеп жүзуден алтын алды.

Ұлттық құраманың жоғарыда аталған жұбы финалда 228 ұпай жинадыТөрешілер бағдарламаның күрделілігі бойынша өз өнерлерін жоғары бағалады, олар техникалық микс-дуэт бағдарламасында үздік атанды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстанның су спортынан алғашқы алтыны. Күміс медаль Қытай Халық Республикасының құрамасынан Чен Вэнтао мен Ши Хаоюйге, қола медаль Мексикадан Миранда Хименес пен Диего Карриллоға бұйырды.

Эдуард пен Наргиза алдағы күндері елдің қоржынын тағы бір медальмен толықтыру мүмкіндігіне ие.

Қазір Қазақстан жалпы есепте алтын мен бесінші орынға көтерілді және жалпы командалық есепте көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетейік, Эдуард Ким 2023 жылы жапон Фукуокасында өткен әлем чемпионатында техникалық бағдарламада бірінші медальды жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру