Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы мен әскери бөлімдерінде 2023 жылдың жаңа оқу кезеңі басталды. Ұландықтар жан-жақты дайындықты сандық және сапалық тұрғыдан нығайту бойынша міндеттерді орындауға кірісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құқықтық тәртіп әскерлерінің Бас қолбасшылығының, бөлімдері мен өңірлік қолбасшылықтарының аумақтарында оқу-профилактикалық іс-шаралар кешені өткізілді.
Алдымен қаңтар оқиғасы жайлы арнайы сабақ өтті. Ұлттық ұланның 400-ден астам әскери қызметшісі жаппай тәртіпсіздік кезінде жарақат алып, екеуі қаза тапқаны атап өтілді. Бұл ретте жауынгерлер тапсырманы абыроймен орындады. Ұландық әскери қызметшілер қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Шара Ұлттық ұланның 2023 жылы жауынгерлік дайындықты арттыру жөніндегі міндеттері туралы болды. Сабақтар практикалық түрде де, жаңа форматта да өткізілді. Әскери қызметшілер үшін қызметтік-жауынгерлік әрекеттердің түрлі бағыттары бойынша бейнероликтер көрсетілді.
Мемлекеттік-құқықтық дайындық тақырыбы елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қаңтар оқиғаларынан кейін ел Президенті айтқан әскерлердің жауынгерлік дайындығын арттыруға арналды.
– Бұл ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімдерінің жеке құрамын жоғары жауынгерлік дайындыққа келтіру жөніндегі жұмысты үйлестіруге және жеке құрамның түрлі іс-қимылдардағы практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді, – деп қорытындылады Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов.