Ұлытау облысында оқушыларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Наурызнама онкүндігі аясында 16 наурыз — Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай Ұлытау облысында тағылымы мол кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаментінің ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Сезім Қасымова мектеп кітапханасында "Бірге кітап оқиық" атты рухани іс-шара ұйымдастырып, "Жас сақшы" сыныбының оқушыларымен жүздесті.
Кездесу барысында кітаптың құндылығы, білімнің маңызы және жас ұрпақтың рухани дамуы туралы әңгіме өрбіді. Оқушылар қазақ әдебиетінің тағылымды шығармалары жайында пікір алмасып, кітаптың адамды ойландырып, сананы серпілтетін ерекше құдіреті туралы ой бөлісті.
Іс-шара барысында Сезім Қасымова жастарға кітап оқу — тұлғалық дамудың, саналы ойдың және жауапкершіліктің негізі екенін атап өтті. Сондай-ақ білім мен ізденіс әр азаматтың өмірінде маңызды орын алатынын айтып, жасөспірімдерді кітаппен дос болуға шақырды.
