Ұрланған кабель тиелген көлік ұсталды
Теміртаулық полицейлер ұрланған кабельді тасымалдаған көлікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 желтоқсанда Қарағанды облысының Теміртау қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының наряды түнде қызмет атқару кезінде Панфилов көшесінің бойымен келе жатқан көлікке назар аударып, 23 жастағы жас жігіт басқарып келе жатқан көлікті тоқтатқан.
Автокөліктің салонын тексеру кезінде полицейлер қала аудандарының бірінен ұрланған мыс кабелін тапқан.
Қазіргі таңда бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.