Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрлық ашылғанымен ұрылар азаймай тұр

Батыс Қазақстан облысында тұрмыстық заттарды жеке ауладан ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы әлі де толастар емес. Жыл басынан бері 2087 қылмыс тіркелген. Былтыр 2595 болса, яғни 19,6 пайызға төмендеген. Дегенмен, қылмыстың басым бөлігі ұрлық деректері бойынша анықталған. Бүгінде ұрлық істері қылмыстың 40,4 %-ын құрайды.

​Сәуір айының 2-сі күні белгісіз біреу қаладағы жер үйдің бірінің ауласындағы шаруашылық сарайдың қабырғасын бұзып, ішінен шелек, кастрюль секілді шаруашылық заттарын ұрлап кеткен. Сол үйдің иесі 1971 жылы туған ер адам полиция қызметіне хабарласып, Орал қалалық Полиция басқармасы Абай Полиция бөлімшесінің қызметкерлері  жүргізген іздеу шаралары барысында 55 жастағы Орал қаласының тұрғынын қолға түсірді.  

Осыған ұқсас, наурыз айының аяғында белгісіз біреу Бөрлі ауданы Ақсай қаласында  үйдің ауласына түсіп 1965 жылы туған сол үйдің тұрғынына тиесілі 60 литрлік  алюмин ыдысын қолды қылған. Қолданылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған ұрлықты жасаған 1972 жылы туған Пугачев ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру кезінде оның мұндай ұрлық қылмысына бірнеше рет барғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысына барған тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру