Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж отбасыға көмек көрсетті

Шығыс Қазақстан облысының ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж отбасына аянбай көмек көрсетіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Жарма ауданының ОВ 156/21 мекемесінің қызметкерлері әлеуметтік жағынан осал топтарға, көпбалалы отбасыға, қамқоршысынан айырылған анаға, қарт зейнеткерге қолдау көрсету мақсатында көмек қолын созды.

“Қызметкерлер өз тарапынан осы игі істі қолға алуды ұсынды. Бұл үшін біз 100 медициналық маска, 50 антисептик құралдарын , бірінші кезекте қажет ететін азық түлік заттарын және ірі қара малды сатып алып таратып бердік”, – деді ОВ 156/21 мекемесінің басшысы Жақсылық Алтаев.

Әрбір отбасыға әлемді дүрліктірген індет туралы ақпарат беріп, вирустан қорғану жолдарын түсіндіру жұмыстары жүргізілген.


Әлемдік пандемия кезінде бір-бірімізге жанашырлық таныту, қамқор болу, бірлігімізді сақтау-әрбір азаматтың парызы деп білеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру