Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үржар ауданында мал ұрлығы орын алды

Үржар ауданында мал ұрлығы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында жедел профилактикалық іс-шара барысында Үржар ауданының полиция қызметкерлеріне ауданның 53 жастағы тұрғынының мал ұрлығын жасағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың 22-23 қарашасына қараған түні Үржар ауданының ауылдарының бірінде бұрын сотты болған ер адам  жасырын түрде тұрғынның үйдің жанында орналасқан сарайына заңсыз кіріп, 600 мың теңгеге бағаланатын биені ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігіне сәйкес мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру