Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Үш күн ішінде екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш күнінде екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның ішінде ұсақ бұзақылықтың 163 фактісі, тыныштықты бұзудың 263 фактісі, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішудің 391 фактісі анықталды.

Масаң күйде автокөлік басқарғаны үшін алты жүргізуші ұсталды.

Бұдан басқа жедел-профилактикалық іс-шара барысында 8 135 пәтер, 1 544 үй, 324 саяжайдағы үй, 869 есептегі тұлға мен 54 қолайсыз отбасы тексерілді.

Елордалық полиция қызметкерлері аталған үш күн ішінде 48 қылмысты ашып, іздеуде жүрген 9 қылмыскерді ұстады.

Мысалы, Сарыарқа ауданының ПБ қызметкерлері құрылыс нысанынан үш күн бойы түнгі уақытта құрылыс материалдарын ұрлап шығарған үш күдіктіні ұстады. Ұрылар құрылыс алаңынан 25 жылыту батареясын, профлист және шыны мақта ұрлаған.

Келтірілген шығын 350 мың теңгені құрады. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 27 тұлға ұсталды. Оның ішінде есірткі сақтағаны үшін 18 азамат ұсталды, олардан 500 грамнан астам есірткі, оның ішінде 1,4 гр героин тәркіленді.

Үш азамат атыс қаруымен ұсталып, 49 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.

Мысалы, 25 қарашада кешкі уақытта Е-22 көшесінде полиция қызметкерлері 48 жастағы ер адамды тоқтатқан. Тексеру барысында одан ұңғысыз тапанша тәркіленді. Маманның қорытындысы бойынша алынған қару атысқа жарамды болып табылады. Ұсталған ер адамға қатысты ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру