Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҰҰ авиациясы табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық жүк жеткізді

ҰҰ авиациясы табиғи апаттан зардап шеккендерге гуманитарлық жүк жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлттық ұланның 1,5 мыңнан астам офицері мен әскери қызметшісі, курсанттары мен сержанттары су тасқыны бооған елді мекендерге жұмылдырылды, олар тәулік бойы табиғи апат болған жерде қызметтерін атқаруда. Ұландықтар азаматтарды эвакуациялауға белсенді қатысады, эвакопункттерге гуманитарлық көмек жеткізеді, су басқан кенттерді патрульдейді, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізеді, су бұруды жүзеге асырады.

Әсіресе, табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге тікелей қатысатын Ұлттық ұланның авиациясын атап өту қажет. Мәселен, бүгін таңертең Астанадан Атырауға су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 13 тонна гуманитарлық жүкпен Y-8 ұшағы барды. Гуманитарлық жүк ішінде 8 тонна азық-түлік, үш тонна құм қапшығы, сондай-ақ мотопомпалар бар.

Сонымен қатар Қазақстанның батыс өңірлеріне Ми-171Е тікұшақтарымен ұшу жалғасуда. Алдағы уақытта Ұлттық ұланның ұшақтарында гуманитарлық жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру үшін Ми-8 тікұшақтары жұмылдырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру