Ұялы телефон иесіне қайтарылды
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны азық-түлік дүкенінен сатушының ұялы телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Азық-түлік дүкенінің сатушысы ұрлық жасалғаны туралы полицияға арызданды.
Жәбірленушінің айтуынша, дүкенге келушілер кіріп-шығып, сауда жүріп жатқан кезде телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні анықтады. Ол бұрын ұрлық жасаған 27 жастағы ер адам болып шықты. Ол достары азық-түлік сатып алып жатқанда телефонды ұрлап алған.
Күдікті жасаған іс-әрекетін мойындады. Бағасы 110 мың теңге тұратын ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.