Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұялы телефон ұрлығы ізін суытпай ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында жәбірленушінің телефонын сөмкесінен суырып алып, ломбардқа тапсырып үлгерген ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел адам өзіне қажетті заттарды сатып алып жүрген кезде белгісіз адам оның сөмкесінен құны 200 000 теңге тұратын “Vertu” маркалы ұялы телефонын суырып алған.

Жәбірленушінің айтуы бойынша, ол “Шапағат” базарындағы далада орналасқан сауда нүктесінен азық-түлік сатып алған, телефон сөмкесінде қолжетімді жерде болған.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 23 жастағы азамат болып шықты.

Күдікті өз әрекеттерін мойындады, сондай-ақ ұрланған телефонды ломбардқа тапсырып жібергенін айтты.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар
  1. Ислам :

    Молодцы

  2. Асем :

    Молодцы👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻 👮‍♂️

  3. Айнур :

    Көмекке келіп, ұрыны жедел ұстаған полиция қызметкеріне рахмет!

  4. Алишер :

    Жарайсындар!

Жауап қалдыру