“Ұялы телефоныңызбен сөйлесіп алайын”: Қызылордада телефонды қолды қылған алаяқ ұсталды
Қызылордада телефонды қолды қылған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйек күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 51 жастағы қала тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуынша, түскі 13:00 шамасында қала орталығының бірінде орналасқан сұлулық салонының ішінде “Huawei P20+” маркалы телефонды 42 жастағы адам “ұялы телефоныңызбен сөйлесіп алайын” деп сұрап алып, алаяқтық жолмен алдап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын 200 мың теңге.
Полиция басқармасының қызметкерлері кезекші тәулікте “ізін суытпай” телефон ұрлығына қатысы бар күдікті адамды қолға түсірді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.