Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ынтымағы жарасқан көп балалы үлгілі отбасы

Атырауда ынтымағы жарасқан көп балалы үлгілі отбасының анасы ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдағы тәртіпті ер азаматтармен бірге иық тіресе қадағалап, балалар мен жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарын алдын алып,оның жолын кесу үшін аянбай еңбек етіп жүрген жанұясының ұйытқысы, көп балалы ана Райса Айтжанова. Аяулы ана, асыл жар, үлгілі қызметкер еңбек жолын 2010 жылы Атырау қаласы басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры болып қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарып келеді. Осы жылдар арасында қызығы мен шыжығы мол қызметте жүрген үлгілі полицей айрықша қызметі үшін көптеген мадақтауларға да ие болды. Жолдасы Талғат Мукашев екеуі 2004 жылы шаңырақ көтеріп екі ұл,екі қыз баланы тәрбиелеп отыр .Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер деген ұстанымен отбасындағы балалары, үлкен ұлы ауыр атлетикадан көптеген жетістіктері бар. Қызы – тәтті тағамдарды пісіргенді ұнатады. Қалған екі балапандары балабақша тәрбиеленушілері. Райса Зинелғабиденқызы өзінің туылған күні балалар мерекесімен тұспа тұс келгендіктен, 10 жылдан аса балалармен және ата-аналармен үздіксіз қызмет атқарып келемін. Арман мен мақсатыма жолдасым екеуміз табандылықпен, қайсарлықтың арқасында бірге өсіп-өніп келеміз дейді. Бүгінде ол өз қызметі мен бірге өз шаңырағын қатар алып, өзге отбасыларға үлгі болуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру