Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орындарда темекі шеккен ақтөбеліктер жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Ақтөбе облысының үш мыңнан астам тұрғыны қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биылғы жылдың сегіз ай ішінде полиция қызметкерлері заңда белгіленген жекелеген аумақтарда, үй-жайларда және объектілерде темекі шегуге тыйым салуды бұзған азаматтарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 147 хаттама толтырылды.

Темекіге қарсы заңнаманы бұзушыларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 21 миллионнан асты.

Үйлердің кіреберістерінде, сондай-ақ білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандардың демалуына арналған ұйымдарда, денсаулық сақтау ұйымдарында, қоғамдық тамақтану пункттерінде, кинотеатрларда, театрларда, цирктерде, концерт, көрме залдарында, спорт ареналарында және басқа да қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салынады. ҚР Әкімшілік Кодексінің 441-бабына сәйкес айыппұл 15 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Темекі шегу тек белгіленген жерлерде ғана рұқсат етіледі.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарды темекіге қарсы заңнама талаптарын сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру