Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері балаларға атпен серуен ұйымдастырды

Атырау полицейлері Балаларды қорғау күні мерекесіне орай, Атырау қаласындағы № 31 мектеп оқушыларына естен кетпес күн сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент басшысы Қамза Үмбетқалиев  2019 жылы жас инспекторлар сайысында 1-орын алған мектеп оқушыларын Балалар күнімен құттықтады.

Мерекеге тарту ретінде тәртіп сақшылары балаларды қала шетіндегі ипподромға апарып, оларға
атпен серуен ұйымдастырды.

– Болашақта бұл оқушылардың арасынан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуді абыройлы міндет санайтын Отанға адал полиция қызметкерлері шығатынына сенімдіміз, – дейді полицейлер.

Мереке күні тосын сый жасаған полицейлерге жас инспекторлар ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру