Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері балаларға мереке ұйымдастырды

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шуақ ауылында орналасқан 6699 әскери бөлім, ШҚО ҚАЖД ОВ-156/17,18,21 мекемелерінің қызметкерлерімен бірігіп концерттік бағдармалар, ойындар ұйымдастырылды, аниматорлар мен суретшілер шақырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әр түрлі кейіпте киінген аниматорлар балалардың көңілдерін көтеріп, бірнеше ойын өткізді, тақпақтар айтқызып, “Батут” ойында ойнатқызды, балалардың жадында ертегілер еліне саяхат жасағандай әсерде қалдырды.

Осындай қызыққа толы кіршіксіз балалық шақ әр сәбидің көңілін марқайтып, өмірін жадырататыны айдан анық. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары бұл мереке – жалпы барлық балалар үшін, оны барлығы тойлауына болатынын көрсетуге тырысты.

– Мерекелік концерттен бөлек, шақырылған балалар дайындаған суреттері мен қолөнерлерін көрсетті. Бірде-бір бала құр қол кеткен жоқ, оларға әртүрлі сыйлықтар мен жүлделер табыс етілді, – деді мекеме басшысының орынбасары Меруерт Баймуркашева.

Ата-аналар мен балалар естен кетпес мереке ұйымдастырып, қызығы мол сәттер сыйлағаны үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру