Заңсыз балық аулаған Тараз тұрғыны анықталды
Заңсыз балық аулаған Тараз тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 наурыз күні Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары мен Байзақ АПБ қызметкерлері бірігіп Талас ауданында рейдтік іс-шара жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен Toyota RAV4 автокөлігін тоқтатылып, тінту жүргізу кезінде көліктің жүк салғышынан 12 балық және балық аулауға тыйым салынған шанышқы құралы анықталды. Жалпы ауланған балықтың салмағы – 47,5 келі.
Аталған дерекке қатысты Тараз қаласының 37 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.