Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғандық полицейлер өз танысын өлтірді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады

Талдықорғандық полицейлер өз танысынын өлтірді деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 наурыз күні Талдықорған қаласының шетінде кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған 72 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– 52 жастағы жергілікті тұрғын аса ауыр қылмысқа күдікті ретінде танылды, ол өз сөзінде кісі өлтіруді жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде жасағанын түсіндірді, – деп хабарлады Талдықорған полициясы.

Қылмыс орнынан тәркіленген пышақ айғақ ретінде тергеу материалдарына тіркелді. Күдікті азамат қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру