Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз балық аулаған Тараз тұрғыны анықталды

Заңсыз балық аулаған Тараз тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 наурыз күні Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары мен Байзақ АПБ қызметкерлері бірігіп Талас ауданында рейдтік іс-шара жүргізді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен Toyota RAV4 автокөлігін тоқтатылып, тінту жүргізу кезінде көліктің жүк салғышынан 12 балық және балық аулауға тыйым салынған шанышқы  құралы анықталды. Жалпы ауланған балықтың салмағы – 47,5 келі.

Аталған дерекке қатысты Тараз қаласының 37 жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру