Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Заңсыз келуші” шарасы: полиция 22 қылмыскерді ұстады

2-8 қазан аралығында ел аумағында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын анықтау және оның жолын кесу.

Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзған 8303 шетелдік, сонымен қатар шетелдіктердің елде болу ережесін дұрыс қамтамасыз етпеген 2632 адам және шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 537 адам жауапкершілікке тартылды.

Елден 931 шетелдік азамат шығарылды. ТМД елдерінен келген шетелдіктер арасынан 22 қылмыскер ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру