Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз сақталған атыс қаруын сатып алу акциясы онлайн форматта өткізілетін болады

1 шілдеден бастап республика аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген.

Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, қолда бар қару-жарақ заттарын тапсыруға ниет білдіргендер полиция органдарына бармайақ, полиция департаменттерінің сайтында көрсетілген “қауырт желі” телефондарына немесе “102” номеріне хабарласса жеткілікті.

Өтініштерді және халықта заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын қабылдауды орындарға шыға отыра, ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асыратын болады. Бұрын оларды қабылдау аумақтық полиция органдарында жүргізілген болатын.

Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілерді тауып алған жағдайда олармен қандай да бір іс-әрекет жасамай, тек полиция бөлімшесінің көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарлау қажет.

Анықтама: Халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Бұл кезеңде халықтан  51 мың біріліктен астам қару және 2 млн. ойық қару патрондары сатып алынған. Бұл ретте атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстар үш есеге (2012ж. 694-тен 2019ж. 238-ге дейін) төмендеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру