Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз сақталған қару тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында тергеу изоляторының жедел бөлім қызметкерлері заңсыз айналымыннан атқыш қаруды тәркілеуге көмек көрсетті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстарды ашу және алдын алуға, заңсыз айналымнан ататын қаруды тәркілеуге бағытталған «Қару» жедел-профилактикалық іс-шаралары кезінде «К» есімді азаматтан, жасы 45-48 шамасындағы «Н» азаматтың үйінде қару жарақтарын және ататын мылтықты заңсыз түрде сақтауы мүмкін деген ақпарат түскен.

Жасырын орны туралы нақты ақпарат пенитенциарлық жүйенің жедел бөлімімен алынып өз-ара іс-қимыл шеңберінде ШҚО Полиция департаментінің криминалды полиция бөліміне жолданылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған «Н» азаматтың үйінен 5,6 калибрлі «ТОЗ-8» маркалы шағын калибрлі мылтығы, 5.6 калибрлі 14 дана патрондар, 12 калибрлі 25 дана патрондар, 12 калибрлі 92 дана гильзалар, 1 банка зеңбірек, патрондар жасайтын құрылғы тәркіленген.

Осы дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қылмыстық кодекстің 287 бабының 3 бөлігі бойынша қылмыстық ісі қозғалған (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру).

Егер азаматтар өз еркімен қаруды тапсыратын болса, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру