Заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды
Шымкентте ата-анасының қарауынсыз заңсыз сауда жасап жүрген жасөспірімдер анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте "Таза қала" іс-шарасы аясында кезекті рейдтік жұмыстар жүргізілді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Бейбітшілік көшесінде орналасқан "Арбат" демалыс аймағында заңсыз сауда саттықпен айналысқан азаматтар мен ата-ананың қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтады. Тәртіп сақшылары анықталған жайттар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 204 және 442-баптарымен әкімшілік хаттама толтырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 13 ақпанына дейін созылатын сауықтыру іс-шарасына департаменттің барлық кешенді күштері жұмылдырылған.