Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жабық жолға шығу әрекеті: 3 жүргізуші жауапкершілікке тартылады

Бірнеше жүргізуші Нұр-Сұлтан – Теміртау Бағындағы жабық трассадан өтпекші болды,-хабарлайды Polisia.kz.

26-28 ақпан аралығында Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына және көктайғаққа байланысты «ҚазАвтоЖол» АҚ шешімімен жоғарыда көрсетілген трассада қозғалысқа тыйым салынды.

Алайда, белгіленген шектеулерге қарамастан, бірнеше жүргізуші өз жолаушыларының денсаулығы мен өміріне қауіп төндіре отырып, қозғалысты жалғастыруға тырысты.

Жүргізушілер автожол және коммуналдық қызметтердің жолды тазалау жұмыстарын жүргізуіне байланысты жолды жауып тастаған қызметтік автокөлікті жүріс бөлігінен Өз күштерімен ығыстырды. Полиция қызметкерлерінің ескертулеріне мән бермеді,оларға қарсылық көрсетті. Билік өкілдеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 3 адам ұсталды. Тыйым салуға қарамастан жабық трассаға шыққан жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Айта кету керек, 28 наурыз күні Қарағанды облысының автожолдарында қар құрсауынан жолда жүрген жолаушылар мен көлік тізгіншілері, жалпы саны 149 адам құтқарылды. 48 адам қауіпсіз жерге көшірілді және 21 автокөлік қардан шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру