Төрт тұлға ата-ана құқығынан айырылды
Маңғыстау облысында төрт тұлға өз міндеттерін толық орынамаған үшін ата-аналық құқықтан айырылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы жылдар арасында жастар арасында тәртіп бұзушылықтың сан алуан түрі болып жатқанымен жыл өткен сайын құқық бұзушылықтар мен оқыс оқиғалардың азайып жатқандығын көреміз. Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб жеке құрамымен қала аумағындағы жасөспірімдердің болашағына әсер ететін қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу және ізін суытпай ашу мақсатында жыл басынан бері бірқатар жұмыстар жүргізіліп келуде. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ әкімшілік учаскеде кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыздығының және панасыз қалуының деңгейін төмендету, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторларының негізгі міндеті болып табылады.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін арттыру бағытында әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтсақ «Құқықтық тәртіп», «Түнгі қаладағы балалар», «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы», «Қолайсыз отбасы» атты алдын алу профилактикалық іс шарлары және «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» «Есірткісіз өмір» акциясы өткізіліп апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға, заңсыздықты болдырмау және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында атқарылған профилактикалық шараларға қарамастан жасөспірімдер арасында жиі кездесетін қылмыстық құқық бұзушылықтар олар ұрлық пен топтасып төбелесу болып табылады. Осындай оқыс оқиғаларға жол бермеу үшін Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб-нің инспекторларымен бірқатар шаралар атқарылуда. Ағымдағы жылдың екі айында ЮПб-нің профилактикалық есебіне 31 жасөспірім қойылып, тәрбиелік ықпал ету шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың тәрбиесімен тиісті дәрежеде айналыспайтын бес тұлғаға қатысты жадығат жинақталып, Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотына жолданып, төрт тұлғаны ата-аналық құқығынан шектеп, бір тұлғаны ата-аналық құқығынан айырған болатын.
Барлық орын алған қылмыстар жан-жақты зерделеніп, қызметтік тексеріс жұмыстары жүргізілді.