Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінің қызметкерлері “Алғыс айту” күніне орай қарттар үйіне барып қайтты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қайырымдылыққа, жанашырлыққа, шынайылыққа тек басқа адамдардың сөздерінде немесе мысалдарының негізінде тәрбиелеу мүмкін емес. “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы тек көмек алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар көмек көрсететіндер үшін де маңызды. Бұл қиын уақытта жылы қарым-қатынас пен назарды қажет ететін адамдарды ұмытуға болмайды. Үлкен буынға құрмет-халықтың мәдениеті мен тәрбиесінің бейнесі.


Семей қаласының қарттар үйіндегі қамқорлығындағыларға ШҚО бойынша ҚАЖД Орталық ауданы пробация қызметкерлермен, Семей қаласының еріктілермен бірлесіп, “Шабыт” студиясының шығармашылық қатысуымен, Семей қаласы Орталық аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандардың қатысуымен “Антарес” атты қоғамдық қорының қолдауымен “Мейірімді жүрек” кезекті қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

“Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен мейірімділікке, жанашырлыққа, көмекке келуге, қарт адамдарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

А. Манапаның жетекшілігімен “Шабыт” шығармашылық студиясы концерттік бағдарлама дайындады. Оған балалар белсене қатысты, өз жанының бір бөлігін сыйлады, ал қамқорлыққа алынғандар ән шырқады. Сөз соңында “Шабыт” шығармашылық студиясының балалары қарттар үйіне естелікке сағат сыйлады.

Бұл уақытта Семей қаласы еріктілері, Семей қаласының Орталық аудандық ПҚ инспекторлары, Семей қаласы Орталық аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандар қарттар үйінің қамқорлығындағылар үшін тәттілермен және тәтті тағамдардан дастархан жайды.

Өз кезегінде қамқорлықтағылардың өкілдері Семей қаласының Орталық аудандық пробация қызметіне және барлық акция ұйымдастырушыларына қамқорлық пен назар аударғаны үшін алғыстарын білдірді.

70 жастағы Галина Ивановна бүгінде бірнеше жылға жасарғандығын айтып, оның айтуынша, балалар мен еріктілердің мұндай көңіл-күйді көтеру сапарлары барлығының жанын жылумен қуаттайды. Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз деп жылы лебін білдірді.

Қарт адамдардың қуанышты бейнелері мен келешекте қайта келулеріне өтініш білдірулері “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясын ұйымдастырушылар үшін ең жоғары марапатқа ие болды.

Мұқтаж және жалғыз басты адамдарға деген мұндай қамқорлық қоғам өмірінің ажырамас бөлігі және қарт адамдарға қоғамға қажеттідіктеріне сенім береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру