Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

"Жалған нөмір" іс-шарасы: Атырауда жол қозғалысы талаптарын сақтамаған жүргізушілер жауапқа тартылды

Атырау қаласының аумағында 25-27 қыркүйек аралығында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану талаптарының сақталуын бақылау мақсатында республикалық "Жалған нөмір" профилактикалық іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында жалған, қолдан жасалған немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдаланатын жүргізушілерге әкімшілік хаттама жасақталып, көліктері арнаулы тұраққа қойылды.

Патрульдік полиция қызметкерлері бір апта ішінде түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген 1594 көлік құралын анықтап, 77 автокөлікті арнайы тұраққа қойды.

Мәселен, түнгі уақытта автокөлігінен музыканы қатты қойып, тұрғындардың тыныштығын бұзған Lada Priora маркалы автокөлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар 24 қыркүйек күні сағат 22:10 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінде көлік құралына рұқсатсыз дыбыстық құрылғы орнатқан BMW автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Полиция ескертеді: қоғамдық тыныштықты бұзу, жол қозғалысы талаптарын сақтамау және өзге де құқық бұзушылықтар назардан тыс қалмайды. Заң талаптарын бұзған тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру