Жалған полицей шымкенттік бикешке экс-күйеуімен арасындағы мәселесін шешуге уәде беріп, ақшасын жымқырған
Жалған полицей шымкенттік бикешке экс-күйеуімен арасындағы мәселесін шешуге уәде беріп, ақшасын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік тұрғын полиция қызметкерлеріне олардың әріптесіне қатысты шағыммен жүгінді. Арызданушының айтуынша, оның полиция жедел уәкілі болып «қызмет ететін» танысы одан үш ай ішінде 1 млн теңгеге жуық ақшасын алдап алған.Алғашқы кездесуде-ақ өзін полицей деп таныстырған ер адам, әйелге бұрынғы куйеуі ақша қарыз екендігін біліп, көмегін ұсынған.
Күдікті мәселені өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, шешетінін айтқан. Алайда, жаңа достың «көмегі» тегін болмаған.
Құқық қорғаушылардың аталған тұлғаның полицияда жұмыс істемейтіні туралы ақпараты жәбірленуші үшін күтпеген жаңалық болды.
Жайт СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді. Абай АПБ-ның қызметкерлері тергеу әрекеттері барысында жинақталған материалдарды сотқа жолдады.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіге келтірілген залалды толығымен өтеді.